Инвестициялар

ҚДБ Жапонияның ірі банкімен 37,3 млн долларға келісім жасайды (ВИДЕО)

Қазақстан Даму банкі Жапонияның Sumitomo Mitsui Banking Corporation атты ірі банкімен 37,3 млн долларға келісімге қол қояды. Бұл жөнінде ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев Астанада өтіп жатқан Қазақстан – Жапония бизнес-форумы аясында мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Қазан, 16:39

«Қазақстан Даму банкі жапондық қаржы институттарымен белсенді серіктестік орнатқан. Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінің несие желісі есебінен біз Ақтау халықаралық теңіз портын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңін қаржыландырдық. Өткен жылы Тойотаның 45 млн доллар қаражаты есебінен біз Қостанайда Тойота маркасының автокөліктерін құрастыра бастадық. Қазір біз Sumitomo Mitsui Banking Corporation банкімен құны 37,3 млн долларды құрайтын келісімге қол қоямыз», – деді ол. 

Басқарма төрағасы мәлім еткендей, ҚДБ жапондық қаржы институттарымен, корпорацияларымен ынтымақтастық орната отырып, Қазақстанға инвестиция тартады. 

«Сонымен қатар, осы арқылы өзімізге технологиялар да тарта аламыз. Себебі, Жапонияда технология жоғары деңгейде дамыған. Бұл клиенттердің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді, жобалар бойынша қауіп-қатерлерді азайтады, банктің несие портфелінің сапасын жақсартады», – деді Б.Жәмішев.





Дерекнама

Яндекс.Метрика