Инвестициялар

Жапония инвестиция мен технологияларды енгізу арқылы Қазақстанда ШОБ-ті дамытуды қолдайды

Жапония инвестиция мен технологияларды енгізу арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды қолдауға әзір, деді Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ Астанадағы Қазақстан-Жапония бизнес-форумында.
Астана қаласы27 Қазан , 16:34

«Қазақстанның экономикалық өмірі өндірісті әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті  шетелдік инвестиция мен технология арқылы дамытуды жүзеге асыруда. Бұл экономикалық реформада біз Жапонияның ойнайтын рөлін көріп отырмыз. Жапондық компаниялар шетелде әр түрлі салаға өзіндік үлесін қосып, әлем бойынша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізуде. Жапондық білімі мен тәжірибесі мол компаниялар Қазақстанның экономикалық саласына әсер етуі мүмкін», - деді С.Абэ.

Жапонияның Премьер-Министрінің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 20-дан астам жапондық компания өндірістік салада жұмыс істейді.

«Назарбаев Университетінің ректоры Шиего Катсу жапондық. Ол Қазақстанның білімді, білгір азаматтарын әзірлеуде. Қазақстанда жапондық  азаматтар өз белсенділіктерін дамытқаны қуантады», - деді ол.

Айта кетейік, Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ ресми сапармен Қазақстанға келген болатын.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика