Инвестициялар

Н. Назарбаев: Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы соңғы 7 жылда 10 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы соңғы 7 жылда 10 млрд долларды құрады, деді Қазақстан Республикасының Президенті Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында.
Астана қаласы27 Қазан , 16:27

«Біздің экономикалық байланысымыз жоғары дәрежеде орнатылған. Соңғы 10 жыл ішінде тікелей инвестиция  көлемі 5 млрд долларды құрады. Соңғы 7 жыл ішіндегі тауар айналымы 10 млрд долларды құрады», - деді Елбасы форумның ашылу салтанатында.

Қазақстан Президентінің айтуынша, қазіргі таңда елдер арасында   өзге инвестициялық жобалар бойынша  келіссөздер жүзеге асырылуда. Оның ішінде этанол өндіру, онкологиялық науқастарды оңалту орталығын құру, «Тойота» жаңартылған көлігінің  моделін өндіру және терминалдардың құрылысы бар.

«Біз сіздердің болашақта серіктестік көрсету мен өзара инвестиция тарту ұстанымыңызды жоғары бағалаймыз. Біздің ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып, атом энергетикасы саналады.  Уран өнімін жеткізу бойынша қызығушылық танытып отырмыз. Шара барысында 10 коммерциялық құжатқа қол қойылады. Оларды жүзеге асыру біздің елдерге жаңа серпін береді деп үміттенеміз», - деді Елбасы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика