Халықаралық интеграция

«Нұр Отанда» Жібек жолы белдеуі жобасы аясында Қазақстан мен ҚХР арасындағы қарым-қатынас сұрақтары талқыланды

Бүгін Қытай Коммунистік партиясының Астана қаласына ресми сапары барысында «Бір белдеу, бір жол» Жібек жолы экономикалық белдеуі жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әріптестік» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Астана қаласы27 Қазан , 18:13

«Жібек жолы экономикалық белдеуі – бұл ондаған мемлекеттерді экономикалық дамуға біріктіретін жаһандық бастамалардың бірі. Ұлы Жібек жолының бастауында орналасқан Қазақстан, ең іскерлік, транзитті және логистикалық хабтардың біріне айналып, Еуропа мен Азияның арасындағы көпір болмақ», - деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов.

Қуанғановтың айтуы бойынша Жібек жолы экономикалық белдеуі бірден екі мәселені шешеді – белдеуге жақын орналасқан мемлекеттерге инвестиция көзін қамтамасыз етумен қатар, халықаралық сауданың кеңейюіне жаңа мүмкіндіктер береді.

«Қазіргі таңда интерграция дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып отыр. Сондай-ақ, интеграциялық блоктардың бәсекесі байқалады», - деді Фархад Қуанғанов.

Орталық партия мектебінің вице-президенті Сю Вэйсиннің айтуы бойынша, аталған бастаманың орындалуы екі елдің арасындағы қарым-қатынасты дамытумен қатар, Орталық Азия аймағын көркейтуге өз үлесін қосады.

«Партияаралық тәжірибе алмасу арқылы біз мемлекеттік деңгейдегі басқару жүйесін түсініп, әріптестікті одан әрі күшейтеміз», - деді Сю Вэйсинь.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясының делегациясы партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов басшылығымен Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған болатын. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар, екі жақты келісім нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі мен ҚКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебі арасында ынтымақтастық туралы құжат қабылданды.


 




Яндекс.Метрика