Ұлтаралық бірлік

Жақын және алыс шетелдік елдер ҚХА тәжірибесін игеруге мүдделі (ВИДЕО)

Көптеген елдер ҚХА тәжірибесін игеруге мүдделі , Ассамблеяның маңызды жетістіктері мен ұлтаралық диалог, қазақстандық ұлтаралық тәжірибе саласы қызықтырады, деді ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ботагөз Қаипова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 27 Қазан, 20:23

«Президенттің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»  Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бағдарламасы қоғамдық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған», - деді сарапшы.

Б.Қаипованың айтуынша, бүгінде көптеген елдер ҚХА тәжірибесін игеруге мүдделі, олар Ассамблеяның басты жетістіктері мен қазақстандық ұлтаралық диалог келісімінің тәжірибесі қызықтырады.

«Қазақстандық қоғамның көпэтникалық ұстанымы көптеген елдерге таныс, себебі әлем бойынша көпэтникалық елдер  10 пайызды құрайды. Бүгінде Қазақстан бұл тұжырымдаманы жүзеге асыруда, ол жақын және алыс шетелдік елдердің қызығушылығын тудырып отыр», - деді сарапшы.

Индира Кауметова

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика