Өңірлер

Алматының негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 361,3 млрд теңгені құрады –әкімдік

Алматының негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 361,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Алматы қаласы27 Қазан , 19:36

Несие бөлу бойынша да нәтижелі динамика қалыптасқан. Мысалы, биылғы жылдың қаңтар – тамыз айларында ЕДБ-тер 3 трлн. 699,2 млрд. теңге көлемінде несие бөлген немесе 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,7 %-ға көп. Депозиттер көлемі 20,2%-ға өскен, сөйтіп 3 трлн.476,2 млрд.теңгені құраған. Жыл басынан бері қарай 977,1 мың.кв.м. тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% -ға артық. Өндіріс орындары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп өнім шығарған.

Үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде қала бюджетіне 934,1 млрд. теңге салық пен басқа төлемдер түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп. Осылайша Алматы республикалық бюджеттің үштен бір бөлігін құрап отыр.

Қаланың 2015 жылғы нақтылы бюджеті 437,9 млрд теңге.Жыл қорытындысы бойынша қала экономикасының өсу қарқыны 2,5% деңгейінде болады деп күтілуде. Әлеуметтік сала көрсеткіштері де тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі– 5,2%. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 13 389 адам барған, олардың 10 405 жұмысқа (77,7%) тұрған.

 

 

 




Яндекс.Метрика