Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімі қазақстандық толеранттылықтың нәтижесінде қалыптасқан – сарапшы (ВИДЕО)

Елбасы 1992 жылы Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру бастамасын алға тартты. Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімі қазақстандық толеранттылықтың нәтижесінде қалыптасқан, деді ҚР Тұңғыш Президент музейі директорының орынбасары, тарихы ғылымдардың докторы Ботагөз Қаипова Strategy2050.kz. берген сұхбатында.
Астана қаласы 27 Қазан, 19:03

«Елбасы Н.Назарбаевтың басты жетістігі біздің ортақ  үйіміз – Қазақстан Республикасындағы  бейбітшілік пен келісім. Елбасы   1992 жылы Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру  бастамасын алға  тартты. Бұл тарихи құбылыс. 1995 жылдың 1 наурызында ассамблея Елбасының жарлығы бойынша құрылып, Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді. Бұл өте маңызды. Себебі, біздің Конституциямыз  «Біз Қазақстан халқы..» деп басталады. Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан халықтарды бір тарих байланыстырып отыр», - деді Б.Қаипова.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімі қазақстандық толеранттылықтың  нәтижесінде қалыптасқан.

«Қазақстандық толеранттылық жаһандық әлемнің бір бөлігін таныстырады. Президент Қазақстан өз кезегінде жаһандық модельге ие, сол пішін арқылы жер шары құрылуы тиіс екенін атап өткен», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика