EXPO-2017

Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде қоршаған ортаны қорғау тәжірибесімен бөліседі

Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде қоршаған ортаны қорғау тәжірибесімен бөліседі, деді Jetro компаниясының вице-президенті Шигеки Маеда Қазақстан-Жапония бизнес форумы аясында өтіп жатқан Қазақстан-Жапония инвестициялық көрмесі аясында.
Астана қаласы27 Қазан , 15:18

«Жапондық тарап бұл істі екі бағытта жүргізуді жоспарлап отыр. Бірінші, Жапонияның технологиялық тәжірибесін іс-әрекетте қолдану. Білімнің көмегі арқылы жаңа энергия көздерін құрумен экологиялық проблемаларды шешуге болады. Екінші бағыт – сутекті тиімді қолдану арқылы болашақ қауымдастық құру», - деді Ш.Маеда.

20 ғасырдың 60-шы жылдарындағы тұрақты экономикалық өсімге орай Жапония қоршаған ортаның ластануына душар болды. Өте маңызды экологиялық проблемаларға душар болды. Вице-президенттің айтуынша, шығындарды атмосфераға таратпаудың қатал режимінде ғана Жапония қажетті тазалықты сақтауға жете алды.

«Мәселен, елде жылу электр станциясы көмірді жанармай ретінде қолданылса, атмосфераға улы қалдықтардың тарауы қаупі бар. Жапония жоғары технологияларға ие ел ретінде, атап айтсақ, өңделген газдардың күшін жоғалту арқылы атмосфераға шығатын шығындардың дәрежесін нөлге теңестірді. Осы сынды технологияларды біз ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыра аламыз», - деді ол.

Ш.Маеда атап өткендей, павильон 1 мың шаршы метрді алады. Қазіргі таңда ел ЭКСПО хатшылығының алдын ала мақұлдауын күтіп отыр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика