Ғылымды қажет ететін экономика

Жапония Қазақстанда АЭС құрылысына қатысуға ниет білдіріп отыр

Жапония Қазақстанда АЭС құрылысына қатысуға ниет білдіріп отыр.Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейін Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ айтты.
Астана қаласы27 Қазан , 14:39

«Қазақстанның халықаралық аренадағы және халықаралық қауымдастықтағы орны маңызды. Сондай-ақ, Қазақстан Жапония үшін сенімді серіктес. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқыладық. Келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген үш маңызды нәтижеге тоқталғым келеді.Бірінші, Жапонияның мемлекеттік органдары да, жеке секторы да алдағы уақытта Қазақстандағы экономикалық реформаларға қолдау көрсетуді жалғастырады. Біз осындай келісімге келдік. Бұл Қазақстанда салынатын атом электр станциясының құрылысына да қатысты, біз бұл бағытта қарым-қатынасымызды нығайтамыз», - деп нақтылады Жапония премьер-министрі.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Жапония өнеркәсіп саласының білікті мамандарын дайындау бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті. Сонымен қатар, қазақстандық медицинаға жапониялық диагностикалау жүйесін енгізу көзделіп отыр. 

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика