Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада ауыл шаруашылығы авиациясына арналған ұшақтар таныстырылды (ФОТО)

Бүгін Астанада мал шаруашылығы мен ет-сүт өнімдеріне арналған KazFarm-2015 және ауыл шаруашылығы мен азы-түлік өнімдеріне арналған KazAgro-2015 дәстүрлі көрмелері ашылды. Көрмеге 22 елдің 200-ден астам компаниялары қатысуда.
Астана қаласы 27 Қазан, 14:32

Көрмеде әлемдік агроконцеріндердің ауыл шаруашылығы машиналарымен қатар түрлі құрылғыларымен танысуға болады. Сонымен қатар, Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы секторға арналған инновациялық технлогиялар және түрлі жобалар ұсынылды.

 «Бұл көрмеге Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысып отыр. Көрмеден еліміздің аграрлық потенциалы мен экспорттық әлеуетін көруге болады», - дейді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев. 

Бүгінгі күні ұсынылған жобалардың ішіндегі ерекшесі  қоян етін өңдеуге арналған ферманың жұмысы болып отыр. Ферма Алматы облысында орналасқан. Сапалы өнім алу үшін қояндарға люцерн мен күнбағыстар жем ретінде беріледі. Жылдық өнім көрсеткіші 160 мың бастан асады.

 «Таза ет өнімі 2,5 кг шамасында. Қоян еті диеталық тағам ретінде ұсынылады. Қазіргі уақытта еттің бұл түріне сұраныс артып келеді», - дейді ферма меңгерушісі Наталья Расторопнова.

Көрмеде жұртшылықтың қызығушылығын танытқан 4 орындық отандық «Арай» ұшағы болды. Ұшақ канадалық ұшақтың негізінде жасалған. Ұшып-қонуы үшін 901 метр шамасындағы алаң жеткілікті. 100 шақырымға 35 литр жанармай қажет ететін ұшақ 1200 шақырымға дейін ұша алады. Ұшақты тұқым себу мен тыңайтқыштар шашу үшін пайдалануға болады.

Данияр Касымов

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев





Дерекнама

Яндекс.Метрика