Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Жапония бірқатар құжаттарға қол қойды (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға сапарына орай өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Астана қаласы 27 Қазан, 14:17

Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету және кеңейту туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.Сонымен қатар, Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Сондай-ақ,  Қазақстан пен Жапония тараптары қаржы барлау басқармалары арасындағы Хаттаманы бекітті. Бұл құжатты Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасы Бейсенғали Тәжияқов пен Қауіпсіздік жөніндегі ұлттық қоғамдық комиссиясының қаржылық барлау жапон орталығы бас директоры Такаши Киношита қол қойды.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика