Инвестициялар

Н.Назарбаев: Жапонияның ірі бизнес өкілдері Қазақстанда жұмыс істеуге дайын

Келіссөздерде жапондық ірі компаниялардың президенттері қатысты, олар біздің елде жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтты, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға ресми сапары аясында.
Астана қаласы27 Қазан , 13:59

«Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. 2 ел арасындағы сауда айналымы өткен жылы 2 млрд АҚШ долларын құраған болатын. Осы жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 600 млн  долларды құрады. Біздің елдер арасындағы бір-бірін  өзара толықтыратын мүмкіндіктер атом энергетикасы,ауыл шаруашылығы, автомобиль жасау, жоғары технологиялар саласын қамтиды. Қазақстанда бірқатар жапондық ірі компаниялар белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген, 700 миллион доллардан астам қаржығы 6 бірлескен жоба жүзеге асырылған, сонымен қатар құны 700 миллион доллар көлеміндегі тағы 10 жоба белсенді түрде алға жылжыту кезеңінде тұр»,-деді Президент.

ҚР Президенті атап өткендей, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің ресми сапары аясында өтетін бизнес форум ынтымақтастықтың тереңдеуі мен қосымша платформасына айналады.

«Келіссөздерге жапондық ірі компанияларының өкілдері қатысты, олар біздің елде жұмыс істеуге дайын екендерін мәлімдеді. Біздің сирек металдарды барлау, атом энергетикасы, банк секторы, ауыл шаруашылығы, көлік саласындағы ынтымақтастығымыз маңызды бола түспек», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика