Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Ұлттық банк төлем карточкалары бойынша операцияларға қызмет көрсетуге арналған банкаралық инфрақұрылымды құрады

Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсетуге арналған ұлттық (банкаралық) инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қазан , 15:49

Осы бастама шеңберінде негізгі мақсаты қазақстандық банктерге олардың карточкалық операцияларын өңдеу бойынша операциялық-клирингтік қызметтер көрсету болып табылатын тәуелсіз төлем платформасы (жүйесі) іске қосылатын болады.

Бұл ретте жоба мүдделі банктерге олардың карточкалық бизнесіне қызмет көрсету бойынша процессингтік қызметтер көрсету үшін жалпыбанктік процессингтік орталық құруды көздемейді. Мәселе банктер мен олардың процессингтік орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру деңгейінде операцияларды өңдеу үшін банкаралық инфрақұрылым қалыптастыру жайында болып отыр.

Қазақстандық банктердің клиенттері – төлем карточкаларын ұстаушылардың ел ішіндегі операцияларының үздіксіздігі мен аяқталуына кепілдік бере отырып, олардың өңделуіне және банктер арасында өтуіне арналған жаңа тетік енгізіледі. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер үшін жүйе қызметтеріне тең қолжетімділікті («тең қашықтықта болу» қағидатын сақтау) ұйымдастыру жолымен олардың арасындағы тиімді бәсекелестікті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасалатын болады.

Бұл жүйені «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ұлттық төлем жүйелерінің қазіргі операторы) базасында құру жоспарланады.

Жүйені құру кезінде пайдаланылатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары мен рәсімдері заманауи және прогрессивті бағдарламалық шешімдердің қолданылуы ескеріле отырып қолданыстағы жалпыәлемдік стандарттарға сәйкес келетін болады. Банктердің жүйеге қатысуы еріктілік қағидатына негізделетін болады.

Банктер төлем карточкалары бойынша өз операцияларын бағыттау және өңдеу үшін өздеріне коммерциялық тұрғыдан тартымды арнаны (жүйені) таңдау кезінде ерікті. Қажеттілік болған кезде екінші деңгейдегі банктер басқа банктердің клиенттеріне қызмет көрсету кезінде банкаралық төлемдер өткізудің қазіргі арналарына қоса резервтік алаң ретінде жаңа жүйе сервистерін пайдалана алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі әзірлеген жол картасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жүйені 2016 жылғы 3-тоқсанда іске қосу күтіледі, бұл ретте жүйені пайдалану бойынша алғашқы тестілеу жұмыстары келесі жылдың бірінші жартыжылдығының соңында басталады. 2015 жылдың соңына дейін жүйенің жұмыс істеу тәртібін және тетігін регламенттейтін қажетті нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланып отыр.

Ұйымдастырылып отырған инфрақұрылымның функционалын енгізу Қазақстанның төлем карточкалары нарығын жаңа даму деңгейіне көтеріп, қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдердің өсуін жандандыру және төлем саласындағы болашағы бар инновациялық жаңалықтарды іске асыру үшін аса маңызды фактор бола алады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика