Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

С. Абэ: Жапонияның Үкіметі мен жеке секторы Қазақстанның ДСҰ-ға енуі аясында қолдау көрсетеді

Бүгін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэның Қазақстанға ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде шетелдік мәртебелі мейман Жапонияның Үкіметі мен жеке секторы Қазақстанды ДСҰ-ға ену аясында қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қазан , 13:32

«Президент мырза, құттықтауыңызға үлкен рахмет. Мен Қазақстанға тәуелсіздік алған уақыттан бері жетекшілік етіп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығына құрмет көрсеткім келеді. Біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында менімен бірге жапониялық компаниялардың басшылары келіп отыр.», - деді  мәртебелі мейман.

25 қазанда Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісім күшіне енді. Сондай-ақ, Қазақстан жуық арада Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми түрде қосылады. Жапонияның үкіметі Қазақстанның экономикалық реформаларға бағытталған жұмысына қолдау көрсетеді

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика