Инвестициялар

ҚР Президенті: 10 жылда Қазақстан экономикасына 5 млрд долларға жуық жапондық инвестиция тартылды

10 жылда Қазақстан экономикасына 5 млрд долларға жуық жапондық инвестиция тартылды, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында.
Астана қаласы27 Қазан , 12:53

«Қазақстан мен Жапония арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық нығайып келеді. Тек 2013-2014 жылдары екі жақты тауар айналымы 2 млрд долларға жеткен. Ал 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 600 миллион долларды құрады», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы айтқандай,  10 жылда біздің экономикаға 5 млрд долларға жуық жапондық инвестиция тартылды. Сонымен қатар, ресми көмек желісі бойынша Қазақстанға 1 млрд 200 млн доллар берілді. Қазақстанда бірқатар жапондық ірі компаниялар белсенді жұмыс жасайды.

«Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген. 700 млн долларға 6 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 700 млн долларға тағы 10 жобаны іске асыру көзделген», - деп толықтырды Н.Назарбаев. 

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика