Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«Кәсіпқор» холдингі мен BI Group компаниясы құрылыс саласында мамандарды дайындайды

«Кәсіпқор» холдингі мен BI Group компаниясы құрылыс саласында мамандарды дайындайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Кәсіпқор» холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сағат Аппаев айтты.
Астана қаласы27 Қазан , 12:46

««ИИДМБ-2» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жоғары деңгейлі кадрлар дайындау аса маңызды болып табылады. Мұндай талапты жұмыс берушілерге де қойып отырмыз. Міндетті түрде халықаралық стандарттарға сәйкес болу керек. Біздің холдинг қазіргі кезде «BI Group» компаниясымен осы жұмысты бастап кетті. «Кәсіпқор» холдингі «BI Group» компаниясымен бірлесіп, еліміздің кәсіптік 10 колледжінде құрылыс мамандарын даярлауды бастады. «ИИДМБ-2» бағдарламасының негізінде 10 колледжден алдымен 20 студент тандалып алынды», – дейді Сағат Аппаев.

Оның айтуынша, қазақстандық құрылыс мамандары биыл халықаралық байқауға қатысып келген.

«Біз биыл алғаш рет халықаралық жұмыс мамандықтары бойынша «WorldSkills» бағдарламасына қатыстық. Алдымен аймақтық чемпионат өтті. Ал, халықаралық біріншілік биыл Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды. Оған BI Group компаниясының тас қалаушысы қатысып келді. WorldSkills – жұмыс мамандықтарын дәріптеуге, кәсіптік дайындықтың және біліктілік мәртебесі мен стандарттарын көтеруге бағытталған қозғалы", - деді ол.

"Кәсіптік шеберліктің байқаулары 7 құзырет бойынша өткізіледі: жонғыш ісі, пісіру жұмыстары, кірпіш салу, сантехника және жылыту, сылақ және гипсокартонды жұмыстар, шаштараз, мейрамханалық іс (аспазшы), АТ жүйелерін басқару. Берілген жоба кадрларды дайындаудың үздік тәжірибесін таратуға, таңдалған құзыреттер бойынша кәсіптік және білім беру стандарттарын дәл сәйкес келтіруге, сондай-ақ бірыңғай коммуникациялық инфрақұрылымның құрылуына көмектеседі», – дейді ол.

 




Яндекс.Метрика