Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Қазақстан мен Жапония – «бейбіт атомды» пайдалану және ядролық қарусыздану ісінде одақтас

Қазақстан мен Жапония – «бейбіт атомды» қолдану және ядролық қарусыздану ісінде одақтас, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында.
Астана қаласы 27 Қазан, 12:41

«Сіздің алғашқы ресми сапарыңыз біздің елдердің стратегиялық ынтымақтастығына орасан қарқын береді деген ойдамын. Жағдайды пайдалана отырып, Сізді либералдық демократиялық партияның төрағалығына қайта сайлануыңызбен құттықтағым келеді. Сіз өте ауқымды бағдарлама ұсындыңыз. Қазақстандықтар осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Сізге зор денсаулық тілейді», - деді Н.Назарбаев. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан Жапониямен ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөледі. 

«Қазақстан мен Жапония – алыс көршілер, бірақ өте жақын достар деп айтамыз. Бұл шынайы сезім. Жапониямен қарым-қатынасымызды жан-жақты дамытуға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз сыртқы саясатымызда басымдық беріп келеміз. Осы жылдар ішінде Астана мен Токио сенімді серіктес болды, біз әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Біздің ортақ істеріміз көп, біз ядролық қарусыздандыру, оны таратпау, сондай-ақ, атом энергетикасын бейбіт пайдалану бойынша одақтаспыз», - деді Елбасы. 

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика