Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Қазақмыс» кен өндіру орындарында 21 млн тоннадан астам кен өндірілді

Осы жылдың үш тоқсанында корпорация кеніштерінде кен өндіру жоспардан 118,5 мың тоннаға жоғары (+6%). 9 айда барлығы 21 млн.тоннадан астам кен өндірілді, деп хабарлады «Қазақмыстың» баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қазан , 16:04

Концентраттағы мысты шығару 181,5 мың тонна құрады, бұл жоспарлық көрсеткіштерден 5.4 мың тонна жоғары ((+3%).

Концентратқа металдарды алудың жоғары деңгейіне жету үшін кенді байытудың қолданыстағы технологиялық параметрлерін қайта қарау, реагенттерді іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, ең тиімді флотациялық жабдықты таңдау бойынша өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде. Қазір №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларында тиісті жұмыстардың бір бөлігі жүргізілді де.

«Осы жылы экономикалық қиыншылықтарға, дағдарыстық үрдістер мен әлемдік нарықтағы түсті металдарға бағаның төмендеуіне қарамастан, біздің компания белгіленген жоспармен жұмыс істеуде», - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Бахтияр Крыкпышев.

Қазақмыс тұрақты кен өндіру мен металдар өндірісін қамтамасыз етуде. Осы жылдың 9 айында «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігіне 68-тан артық миллиард теңге салынды. Өндірісте еңбек қауіпсіздігін жақсарту біз үшін бұрынғыдай басты міндет болып қала береді. 




Яндекс.Метрика