Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына 2015 жылы 11 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына 2015 жылы 11 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қазан , 12:13

«Мемлекет басшысының тапсырмасының сәйкес, Қазақстанның әлемде дамыған отыз елдің қатарына кіру бойынша біздің министрлік геология саласына реформа жасады. Сол реформаға сәйкес, қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Соңғы төрт жылды алатын болсақ, бұл салаға 43 миллиард теңге жұмсалды», - деді ол.

«Бұл өткен тоғыз жыл көлемімен алатын болсақ, 53 пайызға артқанын көрсетеді. Соның арқасында 2012-2015 жылдар аралығында геологиялық барлау жұмыстарының көлемі айтарлықтай өсті. Қатты пайдалы қазбалалардың негізгі қорларының болжамын анықтауға және есептеуге мүмкіндік туғызды. Осы жұмыстардың арқасында алтын 2,8 мың тоннаны, мыс 68 мың тоннаны, түсті металл 78 мың тоннаны, темір мен марганец 7,5 тоннаны құрады», – дейді Б. Нұрабаев.

Комитет төрағасының айтуынша соңғы жылдары осы сала бойынша көптеген келісімшарттар жасалып, көрсеткіштер айтарлықтай өскен.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт міндеттемелерін орындауға алынып, зерттеліп отырады. Соның нәтижесінде, бес жылдың көлемінде 191 келісімшарт бұзылды. Одан бөлек бес жыл ішінде 670 жоба қаралып, бекітілді. Осының арқасында 27 миллиард АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол жеткіздік. Жер қойнауын пайдалану мараториясы аяқталған соң, 2014 жылы конкурс арқылы 36 келісімшарт жасалды. Бұл келісімшарттардан 1,5 миллиардқа жуық бонус төленді. Жұмыс бағдарламасында геологиялық барлау жұмыстарына 70 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалатын болып шешілді», – дейді ол.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика