Халықаралық интеграция

Бенин БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігінің құрамына енуде ҚР кандидатурасын қолдады

2015 жылдың 21-23 қазанында Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Ерлік Алидің Бенин Республикасына жұмыс сапары өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде27 Қазан , 15:03

Сапар барысында Сыртқы істер министрі, африкандық интеграция, франкофиния және бенин диаспорасы Салиоу Акадири, БР білім беру және туризм министрі Поль Хауне, БР Энергетика министрлігінің аппарат жетекшісі Сперо Менсахпен және Бенин сарапшыларымен кездесу өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Бениннің 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдау келісімі жүзеге асты.Әлем туралы  БҰҰ әмбебап декларациясы, сондай-ақ, Бениннің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы сынды мәселелер талқыланды.

Бениндік тарап өндірістік қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы мен Бас Ассамблеяның 7-ші министрлік конференциясына қатысу қызығушылығын мақұлдады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика