EXPO-2017

Алматының бизнес-қауымдастық өкілдері ЭКСПО-2017 серіктесі болуға мүдделі

«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы мен «Mercur Auto LTD» компаниясы ЭКСПО-2017 серіктесі болуға ниет білдірді, деп хабарлады Ұлттық компания.
Алматы қаласы 27 Қазан, 12:28

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың Алматы қаласының бизнес өкілдерімен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы   жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 49 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымның ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

«Қазірдің өзінде 10 астам ірі компаниялар серіктес ретінде тартылды. Олардың қатарында: NCOC консорциумы, CISCO, Эйр Астана, Saint-Gobain компаниялары, тағысын тағылар бар. Бұл бағытта белсенді жұмыс жасалып жатыр» - деді А.Есімов.

Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде. Көрменің бір күнде 55 мыңнан 110 мың адамға дейін көре алады. Кездесуге қатысушылар компания брендін ілгерілетуде және бизнестің сервистік түрін дамытуға үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.    

Кездесу соңында қонақтарға Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жобасы таныстырылды.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика