Инфрақұрылымды дамыту

ESQR дәрежесі бойынша Алматы метрополитені үздік деп танылды

Сапаны зерттеумен айналысатын еуропалық ұйым (European Society for Quality Research) Алматы метрополитенін үздік деп танып отыр. Бұл жүлдеге 63 қатысушы таласқандығын айта кету керек.
Алматы қаласы13 Шілде , 00:00

Негізгі бәсекелес елдер Жапония мен Еуропаның дамыған мемлекеттері болды. Дегенмен сарапшылардың көбі бірауыздан қазақстандық метроны үздік деп тапты.  Шарт бойынша қатысушылар сарапшылардан 50 оң пікір жинауы тиіс болатын.

Жеңімпаздарды марапаттау Лондонда өтті. Алматы әкімдігі мен метро басшылығы жүргізілген насихат үшін журналистер қауымына ерекше алғысын білдірді. Өйткені, аталған жүлдеге қол жеткізу үшін БАҚ арқылы жүргізілген үгіт-насихаттың ықпалы үлкен.

«Біздің метрополитеннің маңызды жүлдені жеңіп алғанына өте қуаныштымын. Метрополитен үшін бұл үлкен мәртебе, енді жыл сайын осы атақты бермеуіміз керек» деді Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин.




Яндекс.Метрика