Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ақмола облысында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» жастар акциясы өтті (ФОТО)

Ақмола облысының Аршалы ауданында «Нұр Отан» партиясымен бірігіп, жемқорлықпен күрес бойынша көпмасштбаты жұмыс жүргізіледі, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақмола 27 Қазан, 11:39

Жемқорлықпен күрес жүргізу мақсатында, оның төмендеуіне бағытталған жұмыс, Аршалы ауданының № 4 Агротехникалық колледжі мекемесінде көпауқымды жұмыс жүргізілуде.

«Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Айнұр Арықпаева «Жемқорлыққа тосқауыл» сауалнамасын жүргізді, шара барысында колледжде жемқорлық тіркелмеді.

«Сондай-ақ, «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» жастар акциясы ұйымдастырылды. Колледж студенттері мемлекеттің саясатын белсенді түрде қолдап отыр. Жемқорлыққа қарсы материалдарды тұшына қарап, танысуда», - делінген хабарламада.

Жемқорлықты жою – біздің халық пен мемлекеттің, тәуелсіздігіміздің іргетасын нығайтуына септігін тигізеді. Тек қана азаматтық қоғамның барлық салаларымен, мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен тығыз байланысты ғана гүлден Қазақстанның болашағын қамтамасыз ете алады.

Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарлату.

Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлықтың ел дамуына қандай тежеу болатынын, елді қаншалықты артқа тартатынын көрсетіп жастарды тәбиелеу жұмыстары қолға алынуда. Дұрыс тәрбие еліміздің мәңгілік болуына бірден бір бастар жол.

Айта кетейік, осыдан 12 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 9 желтоқсанды «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн» деп жариялаған болатын.

 





Яндекс.Метрика