Басқару

ҚР Бас прокуратурасы: Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау – жұмысымыздың басымдығы

Біздің басты басымдығымыз бизнесті заңсыз әкімшілендіру қысымнан қорғау болып табылады, бұл мәселені біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен шешіп жатырмыз, деді Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко ЕҚЫҰ қатысушы елдердің тұрақты делегациялары және ЕҚЫҰ хатшылығының Қазақстанмен танысу барысында.
Астана қаласы 27 Қазан, 10:23

«Тұрақты назарда экономика саласындағы заңдылықты сақтауды ұстаймыз. Біздің басым бағытымыз  бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау, бұл жұмысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  жүргізіп жатырмыз», - деді А.Кравченко.

Осы жылы бас прокуратура   кәсіпкерлердің құқығын бұзу бойынша 12 мың оқиға бойынша шара қабыладды.

«Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінде ақпараттық сервис – бизнестің тірегі. Бұл сервис Бас прокуратураның сайты  арқылы немесе мобильдік байланыс арқылы құзыретті органдардан бизнесті тексеру заңдылығы туралы ақпарат ала алады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика