Инфрақұрылымның дамуы

Қалалық кеңес Алматыдағы заманауи өнер мұражайының құрылысын бекітті

Өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесіне меценаттар Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Алматы қаласы27 Қазан , 10:08

«Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздепті.

Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған бөлінген жер көлемі 2,17 гектар, Әл - Фараби даңғылының солтүстігі. Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған мұражай Дендрапарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Әл- Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап - салынатын мұражай кешенінде заманауи өнер мектеп- студиясының болуы. Оның үстіне жалға берілетін жер сатылмайды және өзінің негізгі сипатын өзгертпейді.

Әкім Алматының білім- ғылым, мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі көтеру туралы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда болашақта салынатын бұл құрылыстың маңызы үлкен болатынын айтты.

«Қаламызды барынша заманауи және халықаралық стандарттарға сай және тұрғындарға қолайлы ету өте маңызды. Сондықтан біз қаламыздың рухани өмірін жаңғыртуға тиіспіз» - деді әкім.

Бизнесмен Сержан Жұмашов «Museum of Modern Art» қоғамдық қорының бір топ меценаттар құрған коммерциялық емес, қоғамдық негіздегі ұйым екендігін айтты. Оның негізгі мақсаты- халықаралық деңгейдегі заманауи мұражай салуды жүзеге асыру. Жоба жұмысын одан әрі жүргізу үшін әлемдегі заманауи мұражайлардың бірі тартылатын болады.

Бұл жобаны жасауға әлемдегі ең үздік архитекторлардың бірі, түрлі техникалық элементтерді ұтымды прайдаланушы - Карлос Ферратер ( OAB, Испаниядағы архитектура бюросын құрушы және басшысы) шақырылды.OAB-тың архитектуралық бюросының мұражайлар мен мәдени орталықтар жобасын жасауда жинақтаған тәжірибесі үлкен. Компания архитекторлары Гранададағы Ғылым мұражайының (Испания), Манльеудегі Тер (Испания), Лиондағы Слияние (Франция) музейлерінің, Кастельондағы мәдени орталықтың (Испания) жобаларын жасаған. 1996 жылы OAB бюросы мұражайларды дамытуға үлес қосқаны үшін Музейлер қоғамдастығының V Bonaplata Prizes сыйлығын иеленген.  

Бұлардан өзге Қалалық кеңесте Медеу ауданындағы « JubileeLand» тұрғын кешенінің жобасы мақұлданды, оны «Кумполан Казахстан» ЖШС тапсырысы бойынша RSP Architects Planners & Engineers (Pte) Ltd, Сингапур мен «ПА «KAZGOR»ЖШС жасаған.

Кешен аумағында жасылдандыру ісіне ерекше мән берілетін болады.

Қала әкімі Алматының қала құрылысында халықаралық тәжірибені кеңінен пайдалануды және әр ауданның өзіндік архитектуралық келбеті болуы тиіс дегенді қадап тұрып айтты.




Яндекс.Метрика