Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазпочта сәлемдемелерді жолаушы пойызы арқылы жеткізеді

«Қазпочта» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ почта жіберу пилотты жобасының іске қосылғаны жайлы хабарлайды.
Казахстан27 Қазан , 09:36

Бүгінгі таңда, Астана және Алматы қалаларының ТЖ вокзалдары арасында, №1/2 «Алматы-Астана-Алматы» және №701/702 «Алматы-Петропавловск-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздар арқылы экспресс пошта жіберуге болады. Салмағы 3 кг-ға дейінгі жіберілімнің бағасы 1000 теңге.

«Біз жолаушылар пойыздарымен экспресс пошта жіберу қызметін іске қосу  ұсынысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ шықтық. Бұл пилотты жоба қазір тек екі бағытта қызмет атқарғанымен, сервисті барлық облыстық орталықтарда қосу жоспарлануда. Сәлемдемені немесе хатты жіберу үшін вокзалдың ішіндегі бөлімшеге келу керек» - деп Байрам Азизов, баспасөз қызметінің басшысы түсіндірді. 




Яндекс.Метрика