Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ-ның 300 қар жинаушы машина және қар тазалаушы құрал-жабдықтар қысқы маусымда пайдалануға сақадай сай

200-ден астам арнайы жылжымалы құрам, 300 қар жинаушы машина және қар тазалаушы құрал-жабдықтар қысқы маусымда пайдалануға сақадай сай, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан27 Қазан , 09:07

«Қазіргі таңда ҚТЖ филиалдарындағы ғимараттарға, қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 155 шақырымдық магистральдік желіні қорғау қалқандары қалпына келтірілді. 50 арнайы техника күрделі және деполық жөндеуден өткізілді»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдік желі дирекциясының техникалық басқармасының бастығы Темірғали Сарбасов.

Оның айтуынша, ҚТЖ-да оперативтік қызмет атқаратын шұғыл штаб құрылған. Онда қармен күрес жоспарлары, жылжымалы құрамдардың жолдан шығып кетуінің алдын алу, ауа райының бұзылу салдарын алдын-ала хабарлау, персонал мен автотрактор, қар тазалау техникаларын орналастыру сызбасы белгіленген. Т.Сарбасовтың айтуына қарағанда, жергілікті жерлерге, станцияларға, техникалық және тұрмыстық көмірлер жеткізу жалғасуда. Мәселен, 3259 тонна техникалық, 34350 тонна тұрмыстық көмір отындары жеткізілді. Сонымен қатар, ҚТЖ филиалдарының еңбеккерлері қысқы маусымдағы жұмыс жағдайына байланысты арнайы оқу-тәжірибе курстарынан өтті. Барлық еңбеккерлерге қысқы арнайы киімдер мен аяқ киімдер берілді.




Яндекс.Метрика