Адамзаттық капитал

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 5 мыңнан астам инфрақұрылым нысандары бейімделді

2014 жылдан бастап мүліктік түгендеу нәтижесінде анықталған мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделуі қажет 19,7 мың нысанның 5 мыңнан астамы бейімделді, деп хабарлады ДСӘДМ.
Казахстан27 Қазан , 09:53

Сондай-ақ, 2014 жылдан бері мүгедектерге арналған транспорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқару органдарына ағымдағы мақсаттық трансферттер бөлініп келеді. Аталған қажеттіліктерге арналған 2014-2015 жылдардағы шығын көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады.

 Аталған қаражаттың есебінен 14,4 мың жол белгілері мен көрсеткіштер, дыбыстық құрылғылары бар 283 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылып, еліміздің аймақтарында 11 «Инватакси» қызметін дамытуға қолдау көрсетілді.

 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 29 мыңға жуық инфрақұрылым нысандарын мүліктік түгендеуден өткізу қажет. 

Бұдан бұрын ағымдағы жылы Қазақстан мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты халықаралық стандарттар имплементациясы бойынша өзіне міндеттемелер алғаны хабарланған болатын.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанда тұратын 627 мың мүгедектер мен олардың отбасыларына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғау мен жүзеге асыруға қосымша кепілдік береді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика