Халықаралық интеграция

Қазақстандық арнайы мақсаттағы жауынгерлер әлемдік аренада екінші атанды (ФОТО)

Брекон шет аймағының (Уэльс, Ұлыбритания) «Қара таулар» алабында жыл сайын өтетін «Кембриялық патруль» халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 27 Қазан, 08:37

 Апта бойы 23 елден жиналған 126 команда 65 шақырымдық маршты өтуден және көптеген жауынгерлік тапсырмаларды орындаудан өздерінің шеберліктерін паш етті.  Командалар әрқайсысында 18 командадан 7 лекке бөлінді. Қазақстандықтармен бірге маршқа Босния, Дания, Ирландиядан келген бөлімшелер мен Біріккен Патшалықтың әртүрлі тектері мен әскер түрлерінен бас қосқан 14 команда қатысты.

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшесі аталған іс-шараға екінші мәрте қатысып отыр. «Мұндағы климат өте қатал, - деді қатысушылардың бірі. Бір апта болған кезімізде біз бірде-бір рет күннің шуағын байқамадық, күні бойы жаңбыр сіркіреді, әр қадам басқан сайын батпақ, қалың ну орман». Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда өткен жылы қазақстандықтар елімізге қола медаль әкелгенде шарттар жеңілдірек болды.  «2015 жылы біз кезеңді күшейттік, - деп түсіндірді оқу-жаттығуды ұйымдастырушы майор Джеймс. 

Ара қашықтық 50-ден 65 шақырымға өзгертілді, біз навигация аспаптарын қолдануға тыйым салдық, оның үстіне қатысушыларға бірнеше тосынсый әзірлеп қойдық». Негізгі акцентті ұйымдастырушылар қарсыластың орналасу орнын әшкерелеу, заңсыз қарулы құралымды жою, алғашқы медициналық көмек көрсету, кепілдікке алынғандарды босату және көшіру, сондай-ақ су бөгеттерін бұзып өту бойынша тапсырмаларды орындаудан тұратын командалық жұмысқа бұрды.

Сәреден кейінгі екінші тәулікте қазақстандық жауынгерлер 13 команданы баса озып, салдарынан оның 8-і қатысудан бас тартып, қашықтықтан ауытқып кетті.  Нәтижесінде ҚР ҚМ арнайы мақсаттағы әскери қызметшілер екінші болды. Күміс медальдарды оларға Ұлыбритания ҚК 160-шы теңіз жаяу әскері бригадасының командирі табыс етті. Еуропада «Кембриялық патруль» оқу-жаттығуы ең күрделі болып саналады. Бұл қашықтықты саусақпен санарлығы өтеді. Мұндай қашықтықты сәтті еңсеріп, жүлделі орындарды иемденгендер көп емес.  ҚР ҚМ қазақстандық арнайы мақсаттағы жауынгерлері армиямыз мықтылар қатарында екенін әлемдік аренада дәлелдеп, мойындатты. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика