Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісінің малайзиялық Кедах штатына сапары барысында аймақ аралық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Кедах штатына жұмыс сапар шекті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде26 Қазан , 19:18

Лангкави даму Агенттігінің (LADA) Бас директоры Халид бин Рамлимен (Khalid Bin Ramli) кездесу өтті.

Д.Сарекенов агенттік делегациясын Қазақстанға сапар шегуді және сапарды 2016 жылы 20-22 сәуір аралығында Алматы қ. өтетін «Туризм және саяхат» атты халықаралық көрмеге қатысумен ұштастыруға болар екендігін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан-малайзия арасындағы Бірлескен сауда-экономикалык комитетінің жанында, туризм саласындағы арнайы жұмыс тобына агенттіктің өкілін қосуға қажеттілігін атады. Сонымен бірге Астана қ. ЭКСПО 2017 халықаралық көрмеге агенттктің Малайзия кешенінің бір бөлігі ретінде қатысу мүмкіндігіне назар аударды.

Өз кезегінде, Х.Рамли ЭКСПО 2017 «Келешек энергия» атты көрмесі «2011-2015 жылдар аралығында Лангкавидің туризм саласын дамыту Жоспары», сондай-ақ аталған Жоспардың 2016-2020 жылдар аралығындағы басты басымдылықтары, оның ішінде Малайзияның Үкіметі, Лангкавиді 2030 жылға дейін елдегі бірінші экологиялық таза «төмен көміртекті аралға» айналдыру стратегиясына сай келетінін айтты.

Ү.ж. 22 қазанда Қазақстан Елшісінің Кедах штатының Регенттік кеңесінің Төрағасы Жоғары Мәртебелі Саллехуддин Сұлтан Бадлишахмен кездесуі өтті. Шара барысында Д.Сарекенов еліміздің саяси, экономикалық жағдайы және Қазақстанның басты халықаралық бастамалыры туралы хабарлады. Екі мемлекеттің этно-конфессиялық ұқсастығы туралы және еліміздегі – Қазақстан халқының Ассамблеясы бірігей әлеуметтік-саяси институты баяндап берді.

Регенттік кеңесінің Төрағасы Қазақстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық елулі жетістіктерін ерекше атап өтіп, Кедахқа сапар шеккен үшін өзінің ризашылығын білдірді. Сонымер бірге, С.Бадлишах осындай сапарлар мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі даму бағыттарының бірі екендігі туралы айтты.

Ү.ж. 22 қазанда Кедах штаты үкіметі басшысы-Бас министрі Мухриз Мохамадпен кездесу барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және аймақ аралық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму перпективалары талқыланды. М.Мохамад Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және сырқы саясатындағы жетістіктерін жоғары бағалай, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар деңгейінің одан әрі нығайтуына кәміл сенетінін айтып өтті.

Осы орайда, Бас министр Кедах штатының индустриалды дамуына бағытталған «Кулим» Жоғары технологиялар паркінің сәтті тәжірибиесі туралы баяндап берді.

Тараптар, ақпартаттық технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда ынтымақтастық орнату перпективаларының бар екендігі туралы ортақ пікірге келді.

Жалпы, Елші Д.Сарекеновтың Кедах штатына шеккен жұмыс сапары, қазақстан-малайзия арасындағы аймақ аралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі жақты қарым-қатынасты «әртарапты серіктестік» деңгейге шығару бойынша маңызды оқиға ретінде санауға болады.




Яндекс.Метрика