EXPO-2017

Коста-Рика ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытты

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төарағас ы Ахметжан Есімов Коста-Рика Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санспен кездесті, деп хабарлады ұлттық компания.
Астана қаласы26 Қазан , 18:31

Ұлттық компания басшысы Коста-Риканың алдағы ЭКСПО-2017-ге қатысуына аса мүдделі екенін білдірді. Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануға толықтай дерлік ауысқан әлемдегі бірінші мемлекет болып табылатын елдің тәжірибесі Көрме үшін өте бағалы.

«Ұлы Британия энергияның 19%-ын жаңғыртылатын көздерден өндіріп шығарады, ал Коста-Рика осы көрсеткішті 90%-ына дейін жеткізді. Бұл шынында бірегей әрі әсерлі нәтиже. Біз Коста-Риканың ЭКСПО-дағы өкілдігіне өте мүдделіміз, мұның үстіне Республикада өмір сүру деңгейі жоғары және экономикасы дамыған», - деді Ахметжан Есімов.

Бүгінгі таңда Коста-Рикадағы электр өндірісінің ең көп бөлігі гидроэлектростанциялар үлесіне келеді. Сонымен қатар, жел мен күн энергиясының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Су ресурстарының біртіндеп таусылуына байланысты, бұл елде жанартаулардың жылуын пайдаланатын геотермалды станциялар салына басталды. Жуырда Республика жаңа энергетикалық матрицаны ұсынған еді және 2021 жылға қарай ол көміртек шығарындыларының балансы нөл болатын әлемдегі бірінші мемлекетке айналуды көздеп отыр.

Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санс өз кезегінде энергетика проблемалары бұлардың климаттың өзгеруіне тигізетін жағымсыз әсерін ескере отырып, әлемде ең талқыланатын проблемалар болуы керектігін айтты. СІМ басшысы Қазақстанның ЭКСПО өткізу бойынша бастамасын қолдап, болашақ ынтымақтастыққа қатысты болжам жасады. «Астанада Коста-Риканың бай тәжірибесін InstitutoCostarrisencedeElectricidad (ICE) – Экология министрлігі жанындағы мемлекеттік компания ұсына алады, ол электр энергиясын өндіріп шығару және тарату мәселелерімен 60 жылдан астам уақыт бойы айналысып отыр», - деді Санс.

 

 




Яндекс.Метрика