«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: 2015 жылдың соңында Қазақстанда 600 км жолды пайдалануға беру жоспарлануда

Соңғы жылдары Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының жобаларын жүзеге асырумен тығыз байланысты.
Казахстан26 Қазан , 17:58

Транзиттік тасымалдарды жлына  1-1,5 млн контейнер көлемінде тасымалдау магистральды және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға сәйкес келуі тиіс.

Трансқұрлықтық  «БатысЕуропа -Батыс Қытай» автомобиль  дәлізінің құрылысы аяқталуға жақын.  Қазақстанды  Қытай, Өзен-Болашақ шекаралық жолына көшетін  Жетіген-Қорғас темір жол желісі, сондай-ақ, Қазақстанды Түрікменстан мен Иран жолдарымен жалғастырады. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл бағыттары және Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттарындағы ішкі және халықаралық бағыттары да бар. Үш терминалдың аяқталуы Ақтау порты арқылы жүк тасымалын ұлғайтады.

Елбасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізі инфрақұрылымды дамыту болып табылады.

« «Нұрлы жол»  бағдарламасы аясында компания Алматы-Шу учаскесінің екінші жолдарының құрылысы,   Боржақты-Ерсай т-ж желісінің жаңғыруы мен Құрық паромды кешенінің аяқталуы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕАЭ логистикалық хабын дамыту, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта жөндеу қарастырылған», - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Инфрақұрылымды дамыту жоспары аясында Астана қаласынан автомобиль жолдарының желісін дамытуды кеңейтуді Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Батыс-Солтүстік бағыттарына дейін жалғастыру қарастырылған.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика