«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

М.Мұханов: Жаңа экономикалық саясат Қазақстанға экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға мүмкіндік береді

Жаңа экономикалық саясат Қазақстанға экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға мүмкіндік береді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов.
Астана қаласы26 Қазан , 16:23

«Жаңа экономикалық жағдайға бейімделген жөн. Соңғы 10 жылдықта Қазақстанда экономика өсімі өңдеу саласымен тығыз байланысты болды. Соңғы кездері биржалық тауарлар мен мұнай, шикізат бағасының  төмендеуі  күйзелтті. Бұл жаңа экономикалық саясатқа жаңа қардан қарауға мүмкіндік береді», - деді М.Мұханов.

Ол атап өткендей, осындай жағдайларда кешендік шаралар қабылдағапн жөн, ол экономиканы жаңа экономикалық қызметте жұмыс істеуге әсер етеді.

«Қазақстанда соңғы жылдары бірінші қадамдар жүзеге асты – «Нұрлы жол» бағдарламасы, ол жаңа экономикалық өріске шығуды қарастырады. Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер құрылымдық жаңғыртумен байланысты болады. Өзге салалардың дамуына сыртқы жағдайлар жасалуда», - деді М.Мұханов.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика