Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылармен 523 келісім орнатылған

Қазақстанда ҚР Минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 5 жылдық бағдарламаны іске асыру аяқталды.Бұл Индустрияландырудың бірінші бесжылдығындағы қорытынды жұмыстар.
Казахстан26 Қазан , 18:14

Қатты пайдалы қазбалар негізгі түрлері қорларының өсуі мынадай: алтын - 418 тонна; мыс - 5,2 млн. тонна. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың міндеттемелерін орындамауы мәнінде тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 191 келісімшарт бұзылды. 

Сондай-ақ, осы кезеңде 27 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерін бекіткен 670 жоба қаралды әрі бекітілді. Уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, қатты пайдалы қазбалар бойынша 136 жаңа келісімшарт жасалды.

Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруге мораторий алынғаннан кейін 2014 жылы конкурс өткізіліп, 36 жеңімпаз айқындалды. Олар тек қана біржолғы төлем ретінде 1,5 млрд. теңгеге жуық сомада қол қою бонустарын ұсынды. Бұл ретте, геологиялық барлау саласына күтіліп отырған инвестициялар көлемі 1 келісімшартқа 2 млн.$ есебімен 70 млн.$, астам соманы құрайды деп болжануда.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының нашар зерттелген аумағында жер қойнауын пайдалану құқықтарын берудің австралиялық әдісі енгізілді.

Жер қойнауын пайдалануда енгізілген тағы бір жаңалық –аукцион өткізу.Жеңімпазды айқындаудың бірден бір өлшемі – қол қою бонусының мөлшері болып табылады. Алғашқы аукционның қорытындысы 2015 жылғы желтоқсанда жүргізіледі.

Айта кетейік, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында Рио Тинто, Илука және Корес корпорациясы сияқты ірі әлемдік компаниялармен жер қойнауын пайдалану саласындағы озық технологияларды Қазақстанға беру жобаларын іске асыру басталды. Жаңа білім алу әрі кадрлар даярлау мақсатында Назарбаев Университетінде «Қазгеология» ұлттық компаниясымен бірлесіп,  Тау-кен ісі мектебін, Жер туралы ғылымдар институтын (әріптесі Colorado School of Mines),  сондай-ақ Геологиялық зерттеулер орталығын өзіне қамтитын геологиялық кластер құрылады.

2005 жылдан бастап Қазақстанда жүзеге асырылып келе жатқан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асырудың басты жетістігі – 2013 жылы «ИПДО-ны жақтаушы елдер» ашықтық талаптары мен мәртебесіне халықаралық деңгейде Қазақстанның сәйкестігі танылды. 48 ел – ИПДО-ның мүшесі болып табылады.

 




Яндекс.Метрика