Парламент

Сенат бюросында палата отырысының күн тәртібі талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат Бюросының отырысында Палатаның 29 қазанда болатын кезекті отырысының күн тәртібі келісілді. Депутаттар он төрт заң жобасын қарауды жоспарлады, деп хабарлады Сенат.
Астана қаласы26 Қазан , 15:52

Депутаттар қарауына Қазақстан мен Монако арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты және Мажарстанмен осындай шартты, сондай-ақ Сербиямен Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау шығарылатын болады. «Ақпараттандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Органикалық өнім өндіру туралы» заң жобаларын және заңнамаға білім беру мәселелері бойынша түзетулерді талқылайды. Заңнамаға ақпараттандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, индустриялық-инновациялық саясат, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралатын болады.

Бюрода таяуда Мәжіліс мақұлдаған бес заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» және сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары берілді. Қаржы және бюджет комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жүргізу тапсырылды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүгедектердің құқықтарын қорғаумәселелері бойынша түзетулер жобасын қарайтын болды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика