Халықаралық интеграция

Қазақстан өкілдері Куала-Лумпурда бірінші Tрансформация жөніндегі жаһандық форумына қатысты

Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабының төрағасы Әлихан Бәйменов бастаған Қазақстан Республикасының және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Офисі делегациясы Куала-Лумпурда (Малайзия) өткен «Трансформацияны енгізу: диалогтан тиімді іс-қимылға» (Operationalising Transformation: Shifting Dialogue to Effective Action) атты бірінші Трансформациялау жөніндегі жаһандық форумының (GFT, Global Transformation Forum) жұмысына қатысты, деп хабарлады СІМ.
Әлемде26 Қазан , 17:42

Делегация құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Аяна Манасова, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабының зерттеу тобының басшысы Ернар Жаркешов кірді.

Малайзияның үкіметі БҰҰДБ-мен бірлесіп ұйымдастырған форум жұмысына көрнекті мемлекеттік қайраткерлер, саясаткерлер, БҰҰДБ-ның жоғары лауазымды және халықаралық қаржы институттарының өкілдері, корпоративтік сектордың басшылары, қоғамдық белсенділері мен әлемнің жан-жағынан келген көрнекті сарапшылар қатысты. Форум қатысушылар арасында Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разак, Боливияның бұрынғы Президенті Хорхе Кирога, БҰҰДБ-дың Администраторы, Жаңа Зеландияның бұрыңғы Премьер-министрі Хелен Кларк, Сингапурдың бұрынғы Премьер-министрі Го Чок Тонг, Аустралияның бұрынғы Премьер-министрі Кевин Радд, атақты спортшысы, актер және Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер, Олимпиялық чемпионы Карл Льюис, «Starbucks» компанияснының қалаушы Зев Зигль, Жеңіл атлетика федерацияларының Халықаралық Ассоциациясының Президенті, Олимпиялық чемпионы лорд Себастьян Коэ, УЕФА төрешілік комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина.

Жақын арада келісілген БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттарының» практикалық жүзеге асыру сұрақтары Форум спикерлері мен қонақтардың ерекше назарында болды.  

Ә. Бәйменов Форумның «Келешектің моделін жетілдіру» сессиясының арнайы баяндамашы ретінде қатысты. Қазақстандық өкіл еліміздің мемлекеттік қызметінің басты табыстары мен келешектері және Астана қаласында орналасқан Өңірлік хабтың «Тұрақты мақсаттың дамуы» мәнмәтіндегі мақсаты мен міндеттері туралы баяндап берді.

Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаларының бірінде «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» туралы толық ақпарат жеткізді.

Ә. Бәйменов Хабтың басты мақсаты туралы, атап айтқанда, Қазақстанда және басқа әріптес-елдерде мемлекеттік қызметтің әлеуетін жоғарлату және оның практикалық әрекеттері туралы ақпарат берді. Оның ішінде алдағы қатарлы мемлекеттік қызметтің практикалық реформаларының әлемдегі үрдісінің талдауы және мониторингінің жүргізілуі, сондай-ақ өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы халықаралық қатынастарды нығайту жүргізулуде.




Яндекс.Метрика