Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда ҮИИДМБ аясында өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор пайда болды

Қазақстанда үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор пайда болды.Олар әр түрлі салада өзіндік орнын тапқан, әр салаға үеоекше жаңашылдық берген бастамалар.
Казахстан26 Қазан , 15:36

2010-2014 жылдары елде өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор пайда болды: авиағарыш саласы, комуникациялық жабдықтар өндірісі, суықпен өңдеп, ұзарту сымдары, электронды бөлшектер, талшықты-оптикалық кабель, фармацевтиканың негізгі өнімдері,бу қазандықтары, элекр жарығының жабдықтары өндірісі және т.с.с.

Отандық кәсіпорындар 50-ге жуық жаңа тауарлар экспортында бәсекелестік қабілетке ие болды: қара металдан құбырлар, жазық прокат, мұнай битумы, алтын ұнтағы, ұзынша шоколад, қанттан жасалған кондитерлік бұйымдар, портландцемент, макарон бұйымдары, фосфор және полифосфор қышқылдары, тұз және натрийдің таза хлориді, мұнай газдары мен газ тәріздес көмірсутектілер, бастапқы орамдағы қара шай, меласса, мыс қоспаларынан жасалған сымдар, мыс пен мырыш қоспаларынан жасалған сымдар және т.с.с.

Бұл ретте, іс жүзінде Қазақстан өңірлерінің жартысында дерлік және өңдеуші өнеркәсіптің 20, тіпті одан да астам пайызы жаңа жобалар үлесіне тиюде – Индустрияландыру картасында, мұның өзі 5 жылда осы өңірлерде қайта индустрияландыру процесі басталды деп ауыз толтыра айтуға мүмкіндік береді. 

 Айта кетейік, елдің өңдеуші өнеркәсібі дәстүрлі тау-кен өндіру өнеркәсімен салыстырғанда, жылдамырақ өсуде. Физикалық көлем индексі 2008-2014 жылдар кезеңінде 119,8% -ға қарағанда, 123,7% құрады. 2014 жылы шикізат тауарларына бағалардың төмендеуіне, соның салдарынан өндіруші сектордың өсуінің төмендеуіне  (-0,3%) қарамастан, өңдеуші өнеркәсіп  1%-дық өсімін сақтап қалды, мұның өзі тұтас алғанда, өнеркәсіп өсуін сақтады -0,2%.   

 




Яндекс.Метрика