Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қазақстанда соңғы 5 жылда 4 жаңа ЕАЭ құрылды

Өткен бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасында 4 жаңа ЕЭА құрылды :«Сарыарқа», «Павлодар», «Тараз Химпаркі», «Қорғас – Шығыс қақпасы» және елдегі еркін экономикалық аймақтардың жалпы саны онға жетті, деп хабарлады ИДМ.
Казахстан26 Қазан , 19:51

ЕЭА инфрақұрылымына 143,8 миллиард теңге. Қаржы салынды. Бұл одан бұрынғы 9 жылдағы мемлекеттік инвестициялардан 2 есе артық.

Жобаларға 336 млрд. теңге тартылды, бұл  бұрынғы 9 жылдағыдан 7,5  есеге жуық артық. Өндіріс көлемі 4,5 есден артық өсті және 678 млрд. теңге құрады, ал жұмыс орындарының саны 4 есе өсіп, 6684 адам жұмыспен қамтылды.

ЕЭА-ды басқаруға DPWorld, Shamrock, TonyBlairAssociates, IDI, FEMOZA сияқты әлемде белгілі компаниялар тартылды.

2015 жылы ЕЭА туралы жаңа заң қабылданды, онда жобалар сапасын бақылау саласында жаңа стандарттар енгізу, басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу, инвесторларды тарту тетіктерін енгізу үшін ҚР ИДМ базасында Бірыңғай үйлестіру орталығын құру көзделеді.

Орталықтың бір функциясы – акциялардың мемлекеттік топтамасының 26-дан 49%-ға дейін сенімгерлік басқару болады. ЕЭА инвесторлары үшін 10 жылға заңнамының тұрақтылығы қағидаты бекітіледі. Жер учаскелерін пайдалану мерзімін ЕЭА қолданылуы мерзіміне сәйкес ұлғайту көзделеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика