Адамзаттық капитал

Қазақстанда ана мен сәби өлімі қысқарды

Қазақстанда соңғы жылдары ана және бала өлімінің төмендеуі байқалуда, деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік қызмет департаменті директоры Ажар Тілеуғалиева Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің 2-ші отырысында.
Астана қаласы26 Қазан , 14:47

«Соңғы жылдары ана және сәби өлімінің төмендеуі байқалуда, балалар үйінде үш жасқа дейін денсаулық сақтау жүйесінде  мың жарым бала өз аналарын күтуде. Жыл сайын кәмелетке толмаған балалар өмірмен қоштасып жатады. Олар әке-шешелері мен достарының, ұстаздарының арасында түсінушілікке ие болмай отыр», - деді ол.

Департамент директоры атап өткендей, Қазақстанда кәмелетке толмағандардың  суицидіне байланысты кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Өңірлерде ең үлкен көрсеткіш. Еуропаның үздік суицидтерінің қатысуымен зерттеулер жүргіздік. Олар қорытындылай келгенде мұндай көрсеткіш болатынын күтпегендерін айтты. Профессорлар атап өткендей, балаларда жалғыздық пен ашулылық болған», - деді А.Тілеуғалиева.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика