Ұлтаралық бірлік

Қазақстанда 31 мыңнан астам жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар – депутат

Қазақстанда 31 мың жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар.Бұл деректі бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің II отырысында Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева жеткізді.
Астана қаласы26 Қазан , 13:17

 «Бүгінгі күні елімізде 5 млн 317 мың 670 бала өмір сүреді. Оның ішінде 334 842 бала - 18 жасқа дейінгі балалар, 141 951 - мүмкіндігі шектеулі бала, 31 576 - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала», - деп хабарлады З.Бәлиева. 

Бұл орайда депутат ҚХА аналар кеңесінің барлық мүшелерін жетімдер мәселесіне көңіл аударуға үндеді. 

«Бұл жетім балалардың көпшілігінің ата-аналарының көзі тірі. Неліктен осындай жағдай орын алып отыр? Қай жерде қандай олқылық жібердік? Құрметті әжелер, аналар, апалар, құрбылар, бүгін осы мәселе төңірегінде ой қозғайық, - деді депутат. – «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекерге айтылмаған. Кез келген уақытта біз – мемлекеттің тірегіміз, балаларымыздың қорғанымыз. Сондықтан балаларды қорғауға үлкен көңіл бөліп, осы бағытта тыңғылықты жұмыс жүргізуіміз қажет». 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесі 2010 жылы құрылды. Бүгінгі екінші отырысқа 823 өңірлік аналар кеңесінің өкілдері жиналып отыр. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика