Ұлтаралық бірлік

Астанада ҚХА республикалық аналар кеңесінің қазақстандық біртұтастықты қалыптастырудағы рөлі талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесі мемлекеттік органдар үшін бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұл ұсыныстар Астанада өтіп жатқан кеңестің екінші отырысы барысында пысықталды.
Астана қаласы26 Қазан , 12:58

Аналар кеңесі білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне әйелдердің кәсіби біліктілігін арттыру, олардың отбасылық бизнеспен айналысуына көмектесетін әлеуметтік жобаларды қолдауды ұсынып отыр.

Инвестициялар және даму министрлігінен ақпараттық қамтамасыз етуге көңіл бөлуді сұраса, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік мәселелер түйінін бірлесе шешу мақсатында аналар кеңесінің қызмет картасын әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ, ҚХА аналар кеңесі отбасылық жанжалдардың алдын алу үшін әйелдерді медиация және келіссөздер жүргізу негіздеріне оқытпақшы. 

«Қазақстанда әйелдер ұйымы көп, бірақ әрқайсысының өз бағыты бар: гендерлік саясат, кәсіпкерлікті дамыту, еңбекке қабілетсіз балалармен жұмыс, бірақ тәрбие мәселелері тыс қалып қойды. Біз бұл қазіргі уақытта үлкен қажеттілік деп шештік. Елбасымыз айтқандай, ұлттық мәдени тегін сақтау үшін тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлу қажет. Бүгінгі таңдағы басты міндет – болашағы бір ұлтты тәрбиелеу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандық біртектілікті қалыптастыру бойынша қолға алынған жұмысты жалғастыруымыз қажет», - дейді ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Нәзипа Шанаи.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесі 2010 жылы құрылды. Бүгінгі екінші отырысқа 823 өңірлік аналар кеңесінің өкілдері жиналып отыр. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика