Халықаралық интеграция

Б.Қаипова: Болашақ үшін жауапкершілікті жаһандық әлемнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде есептеу қажет (ВИДЕО)

Болашақ үшін жауапкершілікті жаһандық әлемнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде есептеу қажет, деді Strategy2050.kz АА студиясында берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ботагөз Қаипова.
Астана қаласы 26 Қазан, 15:19

«ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-шы отырысының мінберінде БҰҰ елдері дәрежесінде бірыңғай тәртіпте лаңкестік пен экстремизммен күрес жаһандық кеңесін құруды ұсынды. Ол ұйымға халықаралық ұйым дәрежесін беру ұсынылды», - деді сарапшы.

Б.Қаипованың айтуынша, бұл  өңір жауапкершілігін арттыру, Елбасы жаһандық деңгейдегі проблеманы шешуге көшіп отыр.

«Бұған дәлел, Еуропадағы жақын елдерден көші-қон мәселесіне  байланысты болып жатқан жағдай. Еуропалық мемлекеттерді құсауына салған көші-қон мәселесі соңынан сол саланың дағдарысын ала келді. Бұл жағдай ел көшбасшыларының және елдер халқының жаһандық әлемнің проблемаларын шешуге бағытталады», - деді ол.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика