Парламент

Сенатта ҚР мен Бенилюкс елдері арасында тұлғаларды реадмиссиялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенатында Сот жүйесі және құқық қорғау органдары, конституциялық заңнама жөніндегі комитет отырысында «Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері, яғни Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасын ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Латвия Республикасы Үкiмет арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды.
Астана қаласы26 Қазан , 11:16

Бұл Келiсiм Қазақстан Республикасының Бенилюкс мемлекеттері және Латвия Республикасы арасында адамдардың реадмиссиясы туралы болып отыр. Заң жобасы елiмiзге заңсыз кiрген немесе заңды кiрген, бiрақ, қолдағы визаның мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн елiмiзде қалған азаматтарды анықтау және қайтаруды көздейдi. Айта кету керек, бұл келiсiмнiң заңды күшiне енуi аталған мемлекеттердегi жалпыұлттық төлқұжаттары бар азаматтар үшiн визасыз режимдi орнатуда негiзгi шарт болмақ. Бұл заңды қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және қосымша қаражатты қажет етпейді», - дедi Көшi-қон полициясы департаментiнiң басқарма бастығы Сабыржан Сейiтжанов. 

Ол атап өткендей, 2013 жылы Қазақстанда 809 азамат, 2014 жылы 775, 2015 жылдың  9 айында 417 Бенилюкс азаматы тіркелген.

Сондай-ақ, оның берген мәлiметiне сәйкес, қазiргi уақытта Қазақстан 12 мемлекетпен реадмиссия туралы келiсiмге қол қойылған. Оның iшiнде, Германия, Швейцария, Норвегия, Чехия, Латвия, Литва, Венгрия мемлекеттерi және Бенилюкс елдерi бар. 

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика