Адамзаттық капитал

Көкшетауда жетім студенттер күн сайын тегін тамақтанады

Көкшетауда жетім студенттерді қолдау үшін күнделікті тегін тамақтану жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола26 Қазан , 11:54

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінде билік тарапынан көмекті қажет ететін, әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қол ұшын беру ешқашан назардан тыс қалған емес. 

«Ақмола Медиа Орталығы»-ның ақпараты бойынша, Ақмола облысының ішкі саясаты жанында әлеуметтік көмек беру жүйесі белсенді жұмыс жасайды. Студенттер үйінде тегін тұру, «Тұлпар» демалыс орталығында демалыс өткізу, ақшалай жәрдем көрсету – осының бәрі де қарастылыған. Сондай-ақ студенттер кез келген жағдайда университет дәрігерлерінің көмегіне жүгіне алады. 

«Жағдайы төмен және жетім студенттерге арнайы ұйымдастырылған жұмыстар бұл жылы да әрі қарай кеңейіп, өз жалғасын табады. Университет қабырғасында ата-ана мейірімінен айырылған 26 студент тегін тамақтанатын болады», - деп хабарлады «Ақмола Медиа орталығы». 

 




Яндекс.Метрика