Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Семей полигонының жабылуы адамзатты дамыту тарихында болған маңызды халықаралық оқиғалардың бірі – сарапшы (ВИДЕО)

БҰҰ желісі бойынша Семей ядролық полигонының жабылу күні адамзатты дамыту тарихында болған маңызды халықаралық оқиғалардың бірі, деді ҚР Тұңғыш Президент директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ботагөз Каипова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 26 Қазан, 11:06

«Семей ядролық полигонының жабылуы әлемдік жетекші державалар үшін үлкен жаңалық болды, біздің елдің арсеналы әлем бойынша төртінші орында тұрған еді. Өз елінде ядролық қаруды иеленіп отырып, алыс және жақын шетелдік  елдермен ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас құруды жалғастыруға болатын еді, бірақ бұл Президенттің жаһандық жауапкершілігі, ол жетекші әлемдік державалардың қолдауымен шешім қабылдады», - деді сарапшы.

Б.Қаипова атап өткендей, бүгінде Семей ядролық  полигонның жабылуы БҰҰ желісі бойынша адамзатты дамыту тарихындағы халықаралық оқиғалардың маңызды жағдайы болып  қабылданды.

«Егер де уроазиаттық кеңістіктегі экологиялық баланс пен экологиялық жобаларды жүзеге асыру бастамасына келетін болсақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Бүгінде АӨСШК және ШЫҰ  ұйымдары өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелердің шешуі де салиқалы саясаттың нәтижесі. Бұл орайда Елбасы қызметінің нәтижесі, себебі бастаманы ұсыну – бір, ал сол бастаманың жүзеге асырылуы бойынша жүру, яғни арнайы ұйымдардың қызмет ету алаңын құру  мен нақты нәтижеге жету – екі», - деді ол.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика