Өңірлер

ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,4%-ға артты

ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 460,6 млрд. тг. құрап, 3,4% артты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан26 Қазан , 10:34

Кен өндіру өнеркәсібі 126,8 млрд. тг., өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі – 289,8 млрд. тг. құрады. 

Салада ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу -  3,6%, сүт өнімдері - 10,0%,  жеңіл өнеркәсіп - 25,7%, оның ішінде тоқыма бұйымдары - 27,4%, химиялық өнеркәсіп өнімдері 21,8% артқан.

Бірінші бесжылдықта Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 184 млрд.тг. құрайтын 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа индустрияландыру картасы қабылданып, 869 млрд.тг. құрайтын 115 жоба енгізілді.

Бүгінгі таңда 2 жоба іске қосылып, 420 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін құны 28 млрд.тг. құрайтын қосымша 27 жоба,1734 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

 




Яндекс.Метрика