Халықаралық интеграция

Берлинде Қазақстанның Германиядағы құрметті консулдарымен кездесу өтті

Қазақстанның дамуыбойыншапікір алмасу шеңберінде және 2016 жылда бірлескен жұмыстардың бағыттары мен басымдылықтарын белгілеу мақсатында ҚР ГФР-дағы Елшілігінде қазақстандық дипломаттардың Қазақстанның Германиядағы құрметті консулдарымен кездесуі өтті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде26 Қазан , 09:28

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, екі ел ынтымақтастығының саяси және сауда-экономикалық өзекті бағыттары туралы хабар етті.

Өз кезегінде, құрметті консулдар Германияныңәр қалаларында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманиталық салаларда бірлескен шаралар өткізу жөніндегі нақты ұсыныстарынайтты.

Өткен іс-шара шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның Б. НүсіповҚазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін ҚР Штуттгарттағықұрметті консулы Доротея Халлер-Ляйблеге Нәзір Түреқұловтың атындағы медальді тапсырды. 2005 жылдан бері Д.Халлер-Ляйбле Баден-Вюртемберг федералдық жерінде Қазақстанның мүддесіне өкілдік етіп, 10 жыл ішінде қазақ-герман ынтымақтастығына едауір үлес қосты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның мүдделеріне Германияныңбарлыққа жуық аймақтарында өкілдік етілуде. ҚР ГФР-дағы құрметті консулдарының құрамына ҚР Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы Доротея Халлер-Ляйбле,ҚР Саксониядағы құрметті консулы Йоахим Энгельман, ҚР Гамбургтегі құрметті консулы Йохан Киллингер, ҚР Бремендегі құрметті консулы Криста Фукс, ҚР Төменгі Саксониядағы құрметті консулы Гюнтер Папенбург кіруде.

 

 




Яндекс.Метрика