Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ОҚО-да жыл соңына дейін ИИДМБ аясында 2 мың жұмыс орны ашылды

ОҚО-да Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 184 млрд.тг. құрайтын 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан26 Қазан , 08:56

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа индустрияландыру картасы қабылданып, 869 млрд.тг. құрайтын 115 жоба енгізілді.

Бүгінгі таңда 2 жоба іске қосылып, 420 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін құны 28 млрд.тг. құрайтын қосымша 27 жоба,1734 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Индустрияландыру картасының жобаларымен бүгінгі таңға дейін 154 млрд.тг. жуық өнім өндірілді (о.і., 2012 ж. – 16,1 млрд.тг., 2013 ж. – 25,1 млрд.тг., 2014 ж. – 56,7 млрд.тг., 2015 ж. 9 ай – 55,8 млрд.тг.)

 




Яндекс.Метрика