Өңірлер

А.Айдарбаев: 1 млрдтан астам теңге Маңғыстау облысының ауылдары мен аудандарын дамытуға бағытталады

1 млрдтан астам теңге Маңғыстау облысының ауылдары мен аудандарын дамытуға бағытталады ,деді облыс әкімі Алик Айдарбаев облыстық мәслихат отырысында.
Маңғыстау24 Қазан , 14:03

Бюджеттік қаржыны қайта бағыттау жергілікті бюджеттің шығыны 1 млрд теңгеге өскенінде жүзеге асты.

«Жергілікті атқарушы органдар үшін басымдылықта ауылдарды инженерлік коммуникациямен қамту болып табылады. Ол ақша есебінде Мұнайлы ауданының электрификациялау үрдісі жалғастырылады. Ауылдың қарқынды дамуы халықтың өсуі көрсетеді. Жыл басынан бері ауыл халқы 1500 адамнан 2700-ге дейін көбейді.Мәселен, өткен жылы мектептегі оқушылар саны 511 адам болған, осы жыл,ы 1 қыркүйекте 924 адамды құрады», - деді әкім.

Сондай-ақ, бюджетті нақтылау Түпқарағай ауданының Сайын Шапағатов ауылында жалғасты. Оған 225 млн теңге бағытталды. Жыл басында Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылының коммуналдық шаруашылықжелілерін жөндеуге 2 млрд теңге бағытталған болатын.

Облыс әкімдігі хабарлағанай, 600 млн теңгеден астам қаржы Ақтау қалалық мәслихатының қолдауымен қаланы абаттандырылу жұмыстарына бағыттталды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика