Ұлттың денсаулығы

Ғ. Тоғызбаев: Үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деңгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажет

Бұл жөнінде бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру» бойынша өткен I Конгресте Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің басқарма төрағасы Ғалымжан Тоғызбаев айтты.
Алматы қаласы24 Қазан , 13:02

Ол, үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деңгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажеттілігін атап өтті. Олар - медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының кіші медициналық персоналы, орта медициналық қызметкерлері және дәрігерлер. Ол, халықаралық тәжірибені ескеріп, біздің университетпен тығыз ынтымақтастық жолға қойылған Ресей медициналық дипломнан кейінгі академиясы, А.Әлиев атындағы Әзірбайжан мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты сияқты және тағы басқа әріптестермен бірлескен жұмысты жалғастыру қажет, деді. 

Ғалымжан Тоғызбаев, Конгресс - үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешу жолдарын нақтылау және ортақ пікірталас ашық алаңы, деп атап өтті.

Конгрестің тақырыбы бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алма Сыздықова, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Құлқаева, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Байқаушы кеңесінің төрағасы Төрегелды Шарманов, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан,  Армения мен Әзірбайжан делегацияларының өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстанда үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесін жетілдіру тиімділігін арттыру мүмкіндіктері жөніндегі панельдік талқылау шеңберінде, барлық мүдделі тараптардың (медицина ЖОО, ҒЗИ, ҰО және колледждер, денсаулық сақтау басқармалары, ҚР ДСӘДМ-нің комитеттері, медициналық ұйымдар және ҮЕҰ) қатысуымен мәселелерді зерттеу және шешу үшін бірыңғай ресми алаң құру туралы ұсыныстар енгізілді.

Одан басқа, үйлестіруші ретінде үздіксіз білім бері университеттері табылатын, шетелдік әріптестерді тартумен біріктіруші орган – Үйлестіру кеңесін құру; бірыңғай ақпараттық кеңістікте мемлекеттік және жекеменшік клиникаларды біріктіру, қызметі білім беру бағдарламаларын ғылым мен практикамен, клиникалық хаттамалармен, кәсіби стандарттармен интеграциялауға, инновациялық процестерді ортақ мотивациялауға бағытталған барлық стейкхолдерді біріктіру мақсатында, қазақстандық мамандардың, үздіксіз кәсіби жетілдіру саласы оқытушыларының мәртебесін арттыру, заңнамалық деңгейде үздіксіз кәсіби жетілдіру саласының барлық провайдерлерінің қызметін реттеу (тапсырыс беруші-практикалық буын, орындаушы – білім беру ұйымы) жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Талқылау және дауыс берудің қорытындысы бойынша конгрестің резолюциясы қабылданды.

Бұл конгресс жылдық қорытындыларды талқылайтын пікір алаңы мен ҚР-дағы  үздіксіз кәсіби жетілдіру саласындағы қызығушылық танытып отырған барлық ұйымдар мен органдардың келесі жылға алға қояр мақсаттарын айқындайтын жыл сайынғы маңызды үйлестіруші шара болуды көздейтінін естеріңізге саламыз. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика